Марқұмның қайтыс болғанына кем дегенде 3 күн болған
Шымкентте пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, марқұмның қайтыс болғанына кем дегенде 3 күн болған. Мән-жайды толық білу мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
«18 шілде күні Шымкент қаласы Полиция департаменті әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне қала аумағындағы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына Жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Мүрдені тексеру барысында ешқандай дене жарақаты анықталмады», - делінген хабарламада.