Ал туынды ел назарына 28 шілдеде жол тартпақ
Бүгін Алматыда сценарийін мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тен жазған «Слепая любовь» фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал туынды ел назарына 28 шілдеде жол тартпақ. Фильм желісі зағип жігіт пен мылқау қыздың арасындағы кіршіксіз махаббат төңірегінде өрбиді.
Айта кетейік, кино туындының сценарисі Денис Тен осыдан тура 4 жыл бұрын дәл осы күні 19 шілдеде дүниеден озды. Ол 2013 жылы Канадада өткен әлем біріншілігінде күміс алып, өз есімін спорт тарихында алтын әріппен жазды. Талай жарыста топ жарған Денис Тен елдің даңқын төрткүл дүниеге асқақтатты. Мұз бетінде мәнерлеп сырғанаған спортшы қысқа ғұмырында табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісі бола білді.