Баланың анасының жеке басы анықталуда
Алматы қоқыс өңдеу зауыттарының бірінде жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дорбаға салынған нәрестенің өлі денесін сол маңайдағы жұмысшылар анықтаған. Әзірге аталған іске қатысты өзге мәлімет жоқ. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, сараптама тағайындалғанын жеткізді.
– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы анықталуда. Сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Атырауда 10 жастағы бала суға батып кетті