Тараптар алқабилерге сауалдарын дайындап үлгеруі тиіс
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы келесі аптаға қалдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін қатысушылар кеңесу бөлмесінде алқабилер жауап беретін сұрақтарды таңдауы керек еді. Алайда процесс небәрі екі-ақ минутқа созылды. Жиынның жалғасы алдағы дүйсенбі болатын болды. Сот алқабилердің қатысуымен негізгі мәселелерді талқылау үшін демалысқа шықты.
Айта кетсек, өткен кездесуде тараптар арасындағы пікірталас аяқталған болатын. Одан кейін Бишімбаев пен Байжанов қылмыстық іске қатысты соңғы сөзін айтты.
– Қандай шешім шығатыны талқыланған жоқ, әзірге ештеңе белгісіз. Өздеріңіз естідіңіздер. Біз сұрақтарымызды ұсынамыз, судья сол үшін кеңесу залына кетті. Үкім шыққаннан кейін ары қарайғы әрекетімізді отбасымызбен отырып, кеңесіп, шешеміз. Әзірге ештеңе айта алмаймын, – деді С. Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді.
Бишімбаев ісі бойынша сот процесі 13 мамырда жалғасады. Бұған дейін тараптар алқабилерге сауалдарын дайындап үлгеруі тиіс. Негізгі ереже бойынша процесті іске асыру үшін судья алқабилерді залдан шығарды. Артынша онлайн трансляцияны тоқтатылып, кеңес жабық түрде БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өткізілетінін айтты.
Оқи отырыңыз: Алаяқтар павлодарлық қарияның атына несие рәсімдеген