Сот үкімімен заң бұзған азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржылық мониторинг агенттігі анықтағандай, ол былтыр қой басының саны мен ұрықтандыру жұмыстарына қатысты жалған деректерді ұсынып, субсидия алған. Кооператив төрағасы табысын көбейту мақсатында субсидиялау талаптарын ескермей, мемлекет қаражатының бір бөлігін өз қажетіне жұмсаған. Сот үкімімен заң бұзған азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Сот үкімімен кооператив төрағасы мелекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ агенттік мемлекет қаржысын жымқыру үшін жауапкершілік көзделгенін ескере отырып, экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insaider» Телеграм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда бұрынғы полиция қызметкері өзіне қол салған