Орман алқабынан 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды

28.03.2022 в 21:33

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, марқұм із-түссіз жоғалғандар санатында болған

Қарағандыдағы орман алқабынан денесінде пышақ жарақаттары бар 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, марқұм із-түзсіз жоғалғандар санатында болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар деген 26 жастағы күдіктіні қолға түсірді,

«Ұсталған әйел 5 наурыз күні жәбірленушімен жанжал барысында пышақ жарақатын салып, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті көміп тастағанын мойындады. Бүгінгі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.