Елімізде есірткі қылмысы көп тіркелген үш өңір аталды

29.03.2022 00:47

Осы жылдың екі айында ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады

ult.kz

Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі қылмысы көп тіркелетін үш өңірді атады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, осы жылдың екі айында ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның ішінде 248 өткізу, 85 аса ірі мөлшерде сақтау фактілері бар.

«Былтыр есірткіге қатысты 2300-ден астам қылмыс тіркелді. Оның ішінде Алматы қаласында 300-ден астам, Жамбыл облысында - 254, Шығыс Қазақстан облысы 200-ден астам қылмыс тіркелді», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.