Пәтерге заңсыз еніп, иесін пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

01.04.2021 в 20:32

Тәртіп сақшыларын жәбірленушінің көршілері шақырыпты

Алматы полицейлері бөтен пәтерге заңсыз еніп, иесін пышақпен қорқытқан ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшыларын жәбірленушінің көршілері шақырыпты. Алайда  есікті ашқан пәтер иесі, алаңдауға еш негіз жоқ деп, полицейлерді қайтармақ болған. Бірақ бір гәптің бар екенін сезген із кесушілер батыл әрекетке барып, пышақпен қаруланған тонаушыны қолға түсірген.

«Есіктің кілт салғышынан қараған кезде ішінде белгісіз бір еркек бетіне қара маска киген, әйел азаматының мойнына пышақ тақап тұрып зорлық көрсетіп жатқаны көрінді», – деді  Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұрдос Тұрлыбек.