Полиция Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді

01.04.2021 20:46

Күдікті қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

Әкімшілік полиция өкілі қатігездікпен өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы қылмыстық іс бойынша қандайда бір құпия ақпаратты жария етуге болмайтындықтан қазір ешқандай ақпаратты жария етуге құқымыз жоқ. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс 26 наурызда Арнайы прокуратура қызметіне өткізілді», – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.