Атыраудағы түрмеде қарақшылық қылмысымен сотталған 33 адам отыр

 elements.envato.com
elements.envato.com
Сотталушылар 1 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында өткен жылы аса ауыр қылмыс санатына жататын 7 қарақшылық шабуыл жасалған. Полиция қызметкерлері күдіктілердің бәрі ұстап, қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, адамды тонау мен қарақшылық шабуыл жасау ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.

«Тонау – бұл бөтен мүлікті ашық ұрлау, ал, қарақшылық – бөтен мүлікті ұрлау мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына зақым келтіріп, қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау әрекеті. Атырау облысында өткен жылы 7 қарақшылық дерегі тіркеліп, барлығы ашылды. Оның ішінде микро-қаржы кеңесі мен букмекерлік лотоклубқа 1 реттен қарақшылық шабуыл жасалған. Осы және жеке адамдарға жасалған қарақшылық деректеріне байланысты күдіктілері ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Атыраудағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын №66 түзету мекемесінде қарақшылық дерегімен 33 сотталушы жазасын өтеп жүр. Оның ішінде Атырау облысынан 18, Маңғыстаудан — 14, Жамбыл облысынан 1 сотталушы бар. Сотталушылар 1 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Новости партнеров