Шымкенттік азамат үйді казиноға айналдырған

12.01.2021 20:34

Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды

Шымкент қаласының тұрғыны пәтерде казино ашқаны үшін сотталды. Бұл туралы өңірлік Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңсыз құмар бизнесін ұйымдастырған азамат 4-шағын аудандағы пәтерді жалға алып, өзінің таныстарына «покер» ойнатқан.  Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде покерге арналған 3 жамылғы, 1 бейне тіркегіш және 1 мың 400-ден астам казино фишкалары тәркіленді. Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен заң бұзған қала тұрғыны қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған 600 мың теңге көлемінде  айыппұл жазасы тағайындалды.