Журналист «мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, таратты және жария етті» деген күдікке ілінген
Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын қарау жабық сот отырысында өтеді, депхабарлайды Almaty.tv.
Өйткені журналист «мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, таратты және жария етті» деген күдікке ілінген. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді. Қазір Козачков уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның пәтеріне Қаржылық мониторинг агенттігі тінту жұмыстарын жүргізген. Алайда журналиске әріптестері мен көпшілік араша түсіп, іс заң жүзінде қаралуын талап еткен еді.
Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі үйді тексеру Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 254-бабына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Агенттіктің хабарлауынша, тінту жүргізу ісін тергеу соты тексеріп, тиісті санкция берген. Сондай-ақ тінту пәтер иесі мен куәгерлердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылыпты. Ал бұл процеске қатысу туралы айыпталушының қорғаушылары тарапынан ешқандай өтініш түспеген.