Таразда тұрғындардың 50 млн теңгесін жымқырған әйел ұсталды

inform.kz
inform.kz
Полицияның мәліметінше, ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда алаяқтық жолмен тұрғындардан жалпы сомасы 50 миллион теңге жымқырған 46 жастағы азаматша қолға түсті. Жергілікті тәртіп сақшылары тексеру барысында күдіктінің 11 қылмыс жасағанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, пәтер алып беруге қол ұшын созамын деп сенімге кірген әйел соңғы рет маусым айында 57 жастағы азаматтың 2 миллионға жуық қаражатын қолды қылған. Полицияның мәліметінше, ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасы көзделген», – деді Полиция басқармасының бастығы Асылхан Зауырбеков.

Новости партнеров