Алматы облысында шетел азаматтары есірткі зертханасын ашқан

31.01.2023 в 20:38

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалған

Шетел азаматтары Алматы маңында 2 апта сайын 100 келіге дейін есірткі шығарған деген күдікке ілінді. Ақпаратты ІІМ растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, шетел азаматтарын полиция өткен жылдың соңында ұстаған болатын. Жедел-іздестіру шарасы барысында облыстың елдімекендерінде орналасқан 2 жерасты зертхана жойылды. Есірткі тасымалдаушылардан 84 келі синтетикалық және 2 тоннаға жуық химиялық зат тәркіленіпті. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оларға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Олар іс-шара барысында іс-әрекетін жүзеге асыруға тырысқанын мойындады. ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тіркелді», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.