Төреғали Төрәлі қамауға алынды - видео
стоп-кадр
Бұған дейін Төреғали Төрәлі Көлсай көлінде гид жігітті соққыға жықты деген видео тараған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
28 қыркүйекте Ұлттық парк аумағында, Алматы облысы, Кеген ауданында болған бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша, ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген болатын.
"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды", - деп жазды Әбдірахманов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00