|
18.08.2022 | 15:41
5001

Абай облысында қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Абай облысында қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды autosaratov.ru

Абай облысында 9 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қорқынышты жайт Үржар ауылында болған. Жеткіншектің анасы осыдан 4 күн бұрын құқық қорғау органына арыз түсіріпті. Айтуынша, қызын өзінің 48 жастағы көршісі қорлаған. Қазір қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Бұл іске қатысты тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚК 120 және 121- бабының 4- бөлігі бойынша айып тағылған күдікті анықталды. Оған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир