СҚО-да 19 жасар студент аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұсталды

21.05.2021 20:42

Күдіктінің жалға алған пәтерін тінту кезінде 2 мың доза есірткі тәркіленген

кадр из оперативной съемки ДП

Солтүстік Қазақстанда 19 жасар студент аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктінің жалға алған пәтерін тінту кезінде 2 мың доза есірткі тәркіленген. Оның «тұз» деген атпен бәріне белгілі «альфа-PvP» есірткісі екені белгілі болды. Күдіктінің айтуынша, бәрін ол өзі қолдану үшін сақтаған. Алайда нашақор ретінде есепте жоқ. Қазір полицейлер істі жан-жақты зерттеп жатыр.

«Сондай-ақ, қылмыстық іске маңызы бар, заттай айғақ ретінде қосылған, орайтын материал мен грамдап өлшейтін таразы анықталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл аса ірі мөлшердегі есірткінің заңсыз айналымына жатады. Тергеу жүргізілуде», – деді облыстық ПД басшысының орынбасары  Руслан Назаров.