Мегаполистен 10-нан аса гастарбайтер шығарылды

polisia.kz
polisia.kz
Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды "заңсыз" іс-шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр. Бөлімнің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281 шетел азаматтары жасаған.

 

"Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Новости партнеров