Экс-министрдің адвокаты да айыпталушылар орындығында отыр
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның жұбайының пара алуына қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет қаржысын ұрлағаны үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы сотқа тағы да келді. Оның әйелі Ғалия Ысқақова да пара алды деген айыппен сотталуда. Бұл туралы алдын ала сот отырысының хаттамасында жазылған.
Айыптаулар алқасында экс-министрдің адвокаты Мұстахим Төлеев те отыр.
Мұхамедиұлына "аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенді", Ғалия Ысқақова "пара беруге делдалдық жасады", Төлеевке "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айып тағылып отыр.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адвокат Ысқақоваға күйеуінің қылмыстық жазасын қысқартуды және оны қамаудан босатуды қамтамасыз етуге уәде бергенін мәлімдеген. Әйелдің адвокатқа 460 мың доллар бергені хабарланды.
Оқи отырыңыз: Жетісайда мешіттегі садақа жәшігі тоналды