Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

19.01.2024 21:08

Тергеу амалы жүргізілуде

polisia.kz

Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

37 жастағы ер адам арзан бағамен баспана алып беру қызметін ұсынған. Тексеру барасында белгілі болғандай оның сөзіне сенген азаматтар аз болмаған. 

– Алдын ала төлем сомасы "қызметіне" байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Теги: алаяқтық