Дәрігер өлімі: күдіктіге прокурор жаңа айып тағып отыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Сот отырысы кейінге шегерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық дәрігердің өліміне қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Юрий Шумковты атып өлтірді деген күдіктіге прокурор жаңа айып тағып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал айыпталушының қорғаушысы сотталушының бұл құжатпен таныспағанын айтып, судьядан біраз уақыт беруін сұрады. Сол себепті бүгінгі сот отырысы кейінге шегерілді. Адвокаттың айтуынша, прокурор таққан жаңа айыппен танысу үшін 3 күн керек. Десе де, қылмыстық істі қарап жатқан судья оны созудың қажеті жоғын ескертті.

«Айыпталушы құжатты енді ғана алып отыр. Бұл жерде оның өмірі шешіліп жатыр ғой. Бұл маңызды құжат. Сол үшін де ол кісіге нақты түсіндіріп, бізге келісу керек. Кешеден бері біз тергеу изоляторына баруға мүмкіндік болмады. Сол үшін бізге біраз уақыт беруіңізді сұраймыз», – деді айыпталушының адвокаты Айдын Нұрмұхамбетов.

Еске салайық, Алматыда өткен жылы сәуір айында емделуші өз дәрігерін аңшы мылтығымен атып өлтірген болатын. Қанды қылмыс таңғы уақытта көлік тұрағында болған. Юрий Шумковты атқан соң, күдікті оқиға орнынан ізін суытқан. Полицейлер оны бір сағатқа жетпей ұстады.  22 қарашада болған сот отырысына марқұм дәрігер Юрий Шумковтың әйелі келіп, өтемақы ретінде 105 млн теңге сұраған еді.

Новости партнеров