Саудаға салынған балалардың ішіндегі кәмелетке толмағандары кем дегенде 61 бала
249 жеткіншек жыныстық зорлық пен құлдыққа, қайыршылық мақсатта қолданылған. Еуропада бала саудасымен айналысқандарға қарсы ірі операция өтіп, нәтижесінде 388 адам ұсталды. Бұл туралы Еуроодақтың Еуропол полиция қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Саудаға салынған балалардың ішіндегі кәмелетке толмағандары кем дегенде 61 бала. Қалғанының жастары анықталып жатыр. Қазанның басында жүргізілген операцияға Ұлыбритания, Португалия, Испания және Германия сияқты елдердің құқық қорғау органдары қатысқан. Сондай-ақ, Еурополдың мәліметінше балалар контрабанда сияқты түрлі қылмыстарды жүзеге асыру үшін қолданылған.