Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Түркістан облысының екі тұрғынынан 3 келіге жуық есірткі табылды. Бұл туралы Жетісай аудандық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жергілікті тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жедел профилактикалық іс-шара барысында ауданда есірткі саудасымен айналысып жүргендер туралы ақпар келіп түскен. Кейін криминалдық полиция көшелердің бірінен күдікті ер адамды ұстапты. Тінту кезінде оның сөмкесінен полиэтилен пакетке салынған 1 келіден аса кептірілген марихуана табылған.
Дәл осындай күдікпен тағы бір жергілікті тұрғын анықталған. Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Екінші күдіктінің үйін де тінту барысында ол үйден де 2 келіге жуық есірткі марихуанасы анықталды. Қазіргі таңда аталған оқиғалар бойынша 296-баптың 4-бөлімімен қылмыстық тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Жетісай АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуаныш Құлмырзаев.