|
09.06.2020 | 16:02
1255

Адвокат блок-бекеттегі екі полицейдің өмірін қиған көлік жүргізушісіне қандай жаза қолданылатынын айтты

7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

Адвокат блок-бекеттегі екі полицейдің өмірін қиған көлік жүргізушісіне қандай жаза қолданылатынын айтты

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты мас күйінде блок-бекетті қиратып, патрульдік көліктегі екі полицейдің өмірін қиған BMW маркалы көліктің жүргізушісіне қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айыпталушыға 345-баптың 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, дейді қорғаушы Балқыбек Боранов. Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні 1992 жылғы азамат көлігімен Алматы облысы Көксай шағын ауданында орналасқан блок-бекеттегі қоршауды бұзып, патрульдік көлікке соқтығысқан болатын. Салдарынан полиция қызметкері 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев пен 1994 жылы туған полиция сержанты Дастан Әбдіқанов көз жұмған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир