Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының сотына сілтеме жасап.
«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласының соты Қайрат Сатыбалдыұлымен Гүлмира Сатыбалдыға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.
«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, 2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген соттың баспасөз қызметінде.