Петропавлда 53 елік атқан 4 браконьерге қатысты сот үкімі шықты. Ұсталған 3 адам 8 жылға, енді бірі 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірақ сотталушылар кінәсін мойындамады. Дегенмен барлығы жазасын түрмеде өтейді. Олар заңсыз аңшылықты қылмыстық топтың құрамында жүріп ұйымдастырған. Мұны айыптаушы тарап дәлелдеді. Сот сондай-ақ мемлекетке келген 68 миллион теңгеден астам шығынды өндіру туралы талапты да құптады.
– Қылмыстық-процестік кодексінің 170-бабы 2-бөлігі негізінде үкімнің заңды күшіне енген күннен бастап талапты орындауға бір ай мерзім берілсін. Шығын өтелмеген жағдайда сот актісі мәжбүрлі түрде іске асыруға жіберіледі, – деді қалалық сот судьясы Тахмина Сабирова.
Оқи отырыңыз: Автобус апаты: үш адам ауруханаға жатқызылды