|
01.11.2023 | 16:03
459

Павлодарлық полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты

Полиция аталған іс бойынша тексеру жүргізіп жатыр

Павлодарлық полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты Сурет: Polisia.kz

Павлодарлық полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап сілтеме жасап.

Полицейлер Екібастұз ауылдық округінің Ақши бөлімшесінің жанындағы дала алқабын патрульдеу кезінде еліктің өлексесін тапты. 

Сонымен полицейлер Captiva Chevrolet автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жануардың сойылған екі өлексесін тәркіледі.

 - Автокөлікті тексеру кезінде ИЖ-27е 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық табылды. Қару иесі тексеру кезінде қару құқығын растай алмады, өйткені оның құжаттары болмады. Сонымен қатар оның еліктерді атуға рұқсаты мен лицензиясы болған жоқ. 35 жастағы ер адам таныстарымен бірге далада уақыт өткізіп, аң аулауға кеткені анықталды. Күдіктілер елікті атқаннан кейін сол жерде сойған. Аңшылардан шетелдік мылтық тәркіленді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, – деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті. 

Мұндай фактілерді болдырмау үшін облыс полицейлері табиғатты қорғау полициясы мен мүдделі мемлекеттік ведомстволар қызметкерлерінің қатысуымен үнемі рейдтік іс-шара өткізеді.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылдан азаматтардың саусақ ізін тіркеу басталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир