Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан адам ұсталды

01.02.2022 21:04

Қолға түскен күдікті – Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны

Фото: polisia.kz

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полицияның мәліметінше, қолға түскен күдікті – Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны. Ол 5 қаңтарда дүкен тонау кезінде бейнекамераға түсіп қалған көлікті жүргізген. Оның үйінен тегіс ұңғылы мылтықтар тәркіленді. Қазір күдіктінің жаппай тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдарға бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұсталған азаматтың бұрын да тонауға қатысып, сотталғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, мегополисте бүлік кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған еді. Бұзақылар 1 347 қаруды оқ-дәрілерімен қолды еткен.  

«5 қаңтар күні мен үйден шықтым. Бес бейтаныс адам машинанын тоқтатқан соң машинаға міндік. Мен оның қару-жарақ дүкені екенін білмеппін. Мен көлігіме темір арқан байлап, тартып бердім. Есік-терезесінің бәрін сындырып, салонға екі автомат салды. Жүк салғышқа да екі мылтық салды. Сосын мен әрі қарай мылтықтармен үйге қайтып кеттім», - дейді күдікті.