Бишімбаевтың ісі: Астанада апелляциялық сот өтіп жатыр

26.06.2024 21:05

Бишімбаевтың қорғаушысы судьяның заң бұзғанын атап өтті

Almaty.tv

Астанада қоғамда резонанс туғызған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы шенеунік соттың шешімімен келіспейді. Оның қорғаушылары істі қараған судьяның жұмысына көңілі толмайтынын жеткізіп, шағым айтып жатыр. Адвокат Ерлан Ғазымжанов «Бишімбаевқа үкім шығарарда сот 20 заңбұзушылыққа жол берді» деп отыр.

– Судья өз еркімен шешім қабылдап, қайсының сотталушымен жасты балалары бар екенін анықтай бастады және 20 үміткердің ішінен төртеуін шығарып тастады. Шығарылған үш үміткердің ұлдары бар еді. Осылайша, судья алқабилер алқасын құру тәртібін бұзбағанда және заң бойынша әрекет еткенде, осы 4 үміткердің ішінен біреу негізгі құрамға кіріп, дауыс берер еді. Үкім басқаша болуы мүмкін, – деді Қ. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов.

Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, алқабилердің бірі әлеуметтік желіде қылмыстық іске қатысу мәселесін ашық талқылаған. Ол сондай-ақ қатысушылардың желідегі аккаунттарына жазылып алған көрінеді. Адвокат осы бұзушылық Бишімбаевтың үкімін өзгертуге негіз бола алатынын айтты.

– Бұл – №4 алқаби. Ол аккаунтынан алқаби ретінде таңдалғаны туралы пікір қалдырған және іріктеудің әділ және ашық өткенін айтқан. Бұл пікірдің астында бірнеше желі қолданушысы оған қысым жасай бастаған. Сондай-ақ алқаби мәскеулік сарапшылардың қорытындысын сынаған сарапшы Тахир Халимназаровтың аккаунтына жазылған, – деді Қ. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда адам өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды