Алматыда адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұл жол-көлік оқиғасы 14 сағат 20 минутта Алматының Алмалы ауданында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан.  

Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен мыңнан астам павлодарлық жауапкершілікке тартылды

Новости партнеров