Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды

10.10.2023 21:06

Тінту кезінде 6,5 мың АҚШ доллары тәркіленген

Фото жедел түсірілім видосынан алынды

Алматы облысында жалған ақшаны арзан бағаға өткізбек болғандар ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, екі күдікті 100 долларлық купюраларды 15 мың теңгеден сатып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар жымысқы әрекетін жүзеге асырмақ болған жерінен қолға түсті. Тінту кезінде күдіктілерден 6,5 мың АҚШ доллары тәркіленген. Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетте ұстау, бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды.

– Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп, тексерудің өзге де ақпараттары жария етілмейді. Қаржылық мониторингі агенттігі жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да қаржы пирамидасы анықталды