Күдіктілер «Шаңырақ» ықшамауданына қарасты жеке тұрғын үйде тұтас арсенал жасырып келген
Алматыда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күдіктілер «Шаңырақ» ықшамауданына қарасты жеке тұрғын үйде тұтас арсенал жасырып келген.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында еден астынан 12 граната, дулығалар мен қалқаншалар, тегіс ұңғылы мылтықтар және атыс қаруларын тапты.
Полиция қару-жарақ жасырып келген төрт адамның жаппай тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар екенін хабарлады. Күдіктілер қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалды.