Биыл балалар шотына 700 миллион долларға жуық қаржы аударылады

19.01.2024 21:38

Түскен барлық мәліметтер тексеріліп жатыр

elements.envato.com

 Ұлттық банк 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінетін қаржыны салыстырып, тексеріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Қазір бізге түскен мәліметтерді тексеріп жатырмыз, ол бағдарламаның операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ). Біз салыстырып тексереміз, база ауқымды. Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкіметтің базасы бойынша біздің жүйеге кіретін 7 миллионға жуық бала бар, - деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банкте өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, бүгінде әр балаға шот ашылды, салыстырудан кейін ол толығымен іске қосылады.

- 2024 жылы 700 миллион долларға жуық қаржы 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінеді, - деді ҰБ төрағасы.

Бұған дейін Ұлттық банк инфляцияны 15,25% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Одан бөлек, Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі кредит пен ипотекаға қалай әсер ететіне қатысты пікір білдірді.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореяда IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы басталады