Ол бір жыл бас бостандығынан айырылды
Әлеуметтік желі арқылы құмар ойын ұйымдастырған шымкенттік тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол 2 аккаунттың көмегімен тікелей эфирде «Лото» ойнатып, заңсыз пайда табуды көздеген. Тіпті қатысушыларға арнап жол талғамайтын көлік, смартфондар және зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техникаларды дайындаған. Ал былтыр 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін 96 млн теңгеге билет сатқан. Қала тұрғыны «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңның талаптарын бұзғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
– Сонымен қатар лотерея билеттерін сатқан үшін жарнама жасағаны анықталды. Сатылған билеттерден түскен қаражат жеке карт-шотына және туыстарының шотына түсіп отырған. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 12 жыл бұрын қылмыс жасаған адам Алматы облысынан ұсталды