Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің саммитінде Қазақстан мен Қытай 31 меморандумға отырды. Соның бірі – аспан асты елінің Шэньчжэнь университеті мен ҚР Ұлттық Ғылым академиясы арасындағы бірлескен зертханалар құру туралы ынтымақтастық келісімі. Тиісті құжат отандық ғылымды дамытуға қалай ықпал етеді? Саладағы түйткілдер қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Ұлттық ғылым академиясы «Білім және қоғамды дамыту» ғылымдары орталығының басшысы Жеңісбек Төлен жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.