Самат Әбіш пробациялық бақылауға алынды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол 10 жыл мерзімде белгілі бір лауазымды атқара алмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пробациялық бақылауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 8 жылға шартты түрде сотталған. Астана сотының баспасөз қызметі таратқан ақпарға сай, «құпия» белгісіне байланысты отырыстар жабық форматта өткен.

Самат Әбіш қызметтік міндетін орындау кезінде билікті асыра пайдаланды деп айыпталған. Самат Әбішке 8 жыл шартты түрде жаза тағайындау ең ұзақ шартты түрдегі жаза болып отыр. Соттың ақпарына қарағанда ол  «кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген» екен. Енді ол шартты түрде сотталып қана қоймай, 10 жыл мерзімде белгілі бір лауазымды атқара алмайды.

– Бұл азаматты пробациялық бақылауға алдық. Оның ережесі бойынша Қазақстан аумағынан шыға алмайды, оны білесіздер. Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша полицияға есеп беріп отыруы керек, – деді ҚР ІІМ Ержан Сәденов.

Оқи отырыңыз: Таразда 900 миллион теңге субсидияны ұрлаған

Новости партнеров