Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: екі күдікті қамауға алынды

elements.envato.com
elements.envato.com
18 жастағы қыз аспаз мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 21 наурыз күні Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру туралы хабарлама келіп түсті.

- Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 жылы туылған қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

- Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны анықталды және олар қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, - деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жастағы қыз аспаз мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті

Новости партнеров