Алматыда жалған полицейлер адам тонаған

Polisia.kz.
Polisia.kz.
Тергеу амалдары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған екі азамат көшедегі жүргіншілерді тонаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеудің осы кезеңінде, күдіктілер – 27 жастағы А.есімді азамат пен 20 жастағы Г.есімді азамат жастарды тоқтатып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Содан оларға жалған қызметтік куәлік көрсетіп, есірткі қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды деп сендіргені белгілі болды. Одан кейін олар ақша талап еткен, көнбеген жағдайда, газ тапаншасымен қорқытып, телефондары мен ақшасын тартып алған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықталып жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар полиция ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін еске салды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Пара алған: «Аграрлық несие корпорациясының» филиалының басшысы қамалды

Новости партнеров