Нұр жиһаз: БҚО-да қаржылық пирамида құрған азамат бас бостандығынан айырылды

12.09.2022 21:16

Ол 153 адамға 7,5 миллион теңге шамасында шығын келтірген

Тұрғындарды жиһаз саудасымен алдап, қаржылық пирамида құрған азаматша қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Батыс Қазақстан облысындағы 153 адамға 7,5 миллион теңге шамасында шығын келтірген. Тергеу барысында алаяқтың «Нұр жиһаз» онлайн жобасы аясында салымшыларды тартқаны анықталды.

«Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.