5 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде «Қазаэронавигация» және Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағындағы жарықты өшірген адам ұсталды, деп хабаралайды Almaty.tv.
Сонымен қатар 4 сәуірде арнайы прокурорлар Алматы әкімдігінің алдында болған тәртіпсіздікке қатысы бар деген Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады.
Аikyn.kz мәліметінше, Шымкентте 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде пайдаланылған жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырумен және арматураларды, тастар мен Молотов коктейльдерін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен С. есімді адам ұсталған.