БҚО-да полиция қызметкерлері браконьерлерді ұстады

07.02.2024 21:18

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

polisia.kz

БҚО полиция қызметкерлері браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал – Атырау тасжолында, Чапай ауылына жақын жерде БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Hilux автокөлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру барысында 5 киіктің, 3 қоян өлексесі және аулауға тиісті құжаттары жоқ бір қап түрлі балық тұқымдары табылып, тәркіленді. Сондай-ақ автокөліктен тіркелген қару және балық аулауға арналған құралдары табылды. Аталған факті бойынша Ақжайық ауданы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде уақтылы көмек көрсету үшін шұғыл желі іске қосылды