Түркістан облысында жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатқан. Ол 100 долларлық банкноттағы 9300 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалған ақшаны сату кезінде әшкереленді.
Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
Сондай-ақ, ҚМА жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарлауға шақырды. Ведомство мәлеметінше, жалған ақшаны анықтау қылмыс саналмайды, алайда мұндай банкнотты өткізу бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.