Ер адам елордадағы Kaspi bank ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отыр

18.06.2023 21:40

Алдын ала мәлімет бойынша, ол қарулы

t.me/POLICE_of_KZ

Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік берудi сұрайды.