|
17.11.2022 | 16:21
4147

Сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топ ұсталды

Арнайы операция барысында 7 адам ұсталды

Сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топ ұсталды ҰҚК сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 қарашада өтетін сайлауда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК-нің сайтына сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында 7 адам ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұстағандардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар тәркіленді.

"Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны құжатталған", - делінген хабарламада.

Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланған.

Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне "Молотов коктейльдерін" лақтырып, оларды жоюды жоспарлаған.

Қылмыс жасауға арналған қару-жарақты жасырған қойма ұйымдастырған – Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрі, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған.

Күдіктілер ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге мәліметтер ҚПҚ 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир