Наурызбай ауданы Салық басқармасының мамандары кәсіпкерлер үшін ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv
Мақсат – мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерін түсіндіру. Мәселесін айтып келгендер мамандардан кеңес алып, салық төлеу жолдарымен танысты. Іс-шараға «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері де қатысты.
«Мобильді қосымшалар бар. Е-салық азамат және Е-салық бизнес деген. Е-салық азамат, жеке тұлғалар үшін, Е-салық бизнес деген заңды тұлғалар үшін. Жеке тұлғалар өздерінің салығын сол қосымша арқылы санап, біліп үйден шықпай-ақ төлей алады», – деді Әуезов ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Гүлзат Тұрлашева.
Еске салайық, ел Президенті осыдан 3 жыл бұрын кәсіпкерлерге жеңілдік жасау мақсатында мораторий жарияланған еді. Бұл шешім шағын және орта бизнесті қолдау үшін қабылданған болатын. Ал келер жылдан бастап еліміздегі әр кәсіпкер тапқан табысын ортақ базада көрсетіп, оның 3 пайызын мемлекетке салық ретінде төлеуге міндеттеледі. Кеңес алуға келгендерге бұл да түсіндірілді.
«Жеке кәсіпкермін. Әуезов ауданына, салық басқармасына жеке кәсіпкерге қатысты сұрағыма жауап алайын деп келдім. Мұндағы қызметтің бәрі тегін, бәріне көмектесіп жатыр», – дед кәсіпкер Мақпал Елубай.