ҰҚК Астананың халықаралық әуежайында Қазақстанның екі азаматын ұстады

07.10.2023 21:23

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Астананың халықаралық әуежайында декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 - 2023 жылғы 7 қазанда Астананың халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 келі монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды. Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.

Оқи отырыңыз: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды – ҰҚК

Теги: ҰҚК монета