Кәсіпкерге қысым көрсеткен жалған қызметкер ұсталды

15.08.2023 21:29

Тергеу амалдары жүріп жатыр

egemen.kz

Астана тұрғыны кәсіпкерлерді алдап, пара беруге итермелеген. Қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпарға сай, күдікті өзін фискалдық органның қызметкері ретінде таныстырып, моральдық қысым көрсеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпкерлерге «қамқорлық» көрсетемін деп, 300 мың теңге ақша талап етіп отырған. Агенттік мамандары мұндай жағдайда бірден call-орталыққа хабарласу керек екенін айтады.

– Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталды. Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеудегі өзге де мәлімет жария етілмейді, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Таразда өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырған күдікті ұсталды