Декларацияланбаған қолма қол ақшаны Астанадан шығаруға тырысқан ер адам ұсталды

13.05.2023 22:24

Ұсталған адам тексеріс жүргізу үшін кедендік бекет қызметкерлеріне берілді

inform.kz

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінде биылғы жылдың сәуір және мамыр айларында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде 100 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты, сондай-ақ 1 құйма тазартылған алтынды заңсыз әкету әрекеті анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген іс – шаралардың нәтижесінде «Астана-Анталия» әуе рейсін тексеру кезінде 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасында декларацияланбаған қолма-қол ақшасы табылған азамат тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынатыны туралы еске салады.

Бұл ретте мұндай бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді.