|
07.02.2024 | 16:32
295

Қарағандыда несиесін төлеу үшін кассадан ақша алған сатушы анықталды

Ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Қарағандыда несиесін төлеу үшін кассадан ақша алған сатушы анықталды elements.envato.com

Қарағандылық сатушы несиесін төлеу үшін өзі жұмыс жасайтын мекеменің кассасынан 1 млн теңгеден астам ақша жымқырған,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің кассасынан белгісіз біреудің ақша жымқырып жүргендігі туралы ақпарат түсті. 

Полиция қызметкерлері жүргізген тексеріс жұмыстары барысында бұл қылмысқа сол жерде жұмыс істейтін 35 жастағы сатушының қатысы бары анықталды. 

Күдікті азаматша бірнше несие рәсімдегенін және оны жабуға ақшасының болмағаны туралы мойындады. Сондықтанда сатушы ол несиелерін жабу үшін төрт ай көлемінде кассадан жасырын түрде ақша алып отырған. Соңында ол өзі жұмыс істейтін сауда орнына 1 млн теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі уақытта ұрлық дерегіне байланысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда жақындарын алдаған алаяқ қолға түсті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сатушы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир