Құқық қорғау органдарының қызметкерлері төбелеске қатысы бар деген күдікпен 11 адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болып, екі адам қаза тапты.Тағы 1 адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері төбелеске қатысы бар деген күдікпен 11 адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 22 желтоқсан күні кешке бетон зауытының аумағында болған. Жанжал қарыз міндеттемелеріне байланысты туындаған көрінеді. Қақтығыс кезінде суық және атыс қаруы қолданылған. Мерт болғандар Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары екен.